Балжан Сапарова

Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және РФ еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ю.Должиковтың класында аспирантураны бітірген. Бүкілодақтық және халықаралық конкурстардың лауреаты, олардың арасында: Бүкілодақтық конкурс (II орын, Воронеж, 1991), Аймақаралық конкурстың лауреаты (I орын, Қырғызстан, 1993), Халықаралық конкурстың лауреаты (I орын, Қазақстан, 1994), Қазан қаласындағы камералық ансамбльдердің халықаралық конкурсының лауреаты, «Сиринкс» флейта квартетінің құрамында (1 флейта, 2000), Астана қаласындағы «Шабыт» халықаралық конкурсының лауреаты (I орын), Даниядағы Нильсен атындағы халықаралық конкурсының қатысушысы, Франциядағы «Eurochestria» және Ресейдегі «Жапония жаны» халықаралық фестивальдерінің және көрнекті флейташы-педагог Ю.Должиковтың есіміне арналған халықаралық фестивальдің қатысушысы.
Балжан Сапарова Ресейдің түрлі оркестрлерінде, соның ішінде РФ «Радио және ТВ» мемлекеттік симфониялық оркестрінде көп жыл жұмыс істеді, Қазақстанның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінде флейта тобының концертмейстері болып жұмыс істеді, қазіргі уақытта «Астана Опера» театры оркестрінің солисті. Оқытушылық қызметті де табысты жүргізіп келеді, алдымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, қазіргі уақытта флейта класын табысты жүргізіп отырған Қазақ ұлттық өнер университетінде.
44-ші Республикалық конкурстың, «Салют талантов» халықаралық конкурсының, «My flute» халықаралық конкурсының қазылар алқасының мүшесі.
Балжан 30 жылға жуық уақыт бойы тек өз отанында ғана емес, одан да алыс шетелдерде белсенді шығармашылық өмір сүріп келеді. Мысалы, 1995 жылы – БҰҰ-ның 50 жылдығына (Париж) және ЮНЕСКО-ның 50 жылдығына (Женева) арналған «Жаңа есімдер» бағдарламасымен концерттер. ҚР МАСО-мен Ж.Ибердің (2009), К.Ф.Э.Бахтың (2007) флейтаға арналған концерттерін, К.Сен-Санстың флейта мен кларнетке арналған Тарантелласын (2012), И.Мошелестің флейта мен гобойға арналған концертиносын (2007, 2012) орындады.
«Астана Опера» театрының оркестрімен (2014-2021) Д.Бизе-Борн – «Кармен» операсының тақырыптарына фантазия, И.Меркаданте e-moll концерті, Ж.Ибер – Концерт, И.Допплер «Риголетто» операсының тақырыптарына фантазия және т.б.
«Антонио» симфониялық оркестрімен Мәскеудегі «Оркестрион» концерт залында Т.Қажғалиевтің «Үштік концертін» (2017), Мәскеу консерваториясының Кіші залында А.Қажғалиеваның (Балжан үшін арнайы жазылған) «Сюитасын» (2022) орындады.
Қырғызстанның Президенттік «Манас» оркестрімен К.Ф.Э.Бахтың концертін және И.С.Бахтың сюитасын (2022 ж.) және т.б. орындады.