Комитас атындағы Ереван мемлекеттік консерваториясының профессоры, пианист, Армения Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
Ереван қаласындағы Чайковский атындағы орталық музыка мектебін (1972) және Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (1977, Виктор Мержановтың класы) бітірген.
1977 жылдан бастап Комитас атындағы Ереван мемлекеттік консерваториясында профессор болып сабақ береді. 1980 жылы Лейпцигте өткен Халықаралық Иоганн Себастьян Бах конкурсында бірінші жүлдеге және алтын медальға ие болды.
Бах, Шостакович, Самуил Фейнберг және Гагик Овунцтың фортепианолық шығармалары жазылған CD дискілерін шығарған.
Армения Республикасының еңбек сіңірген әртісі (2007).
Жапониядағы Армения елшілігінің құрметті сыйлығы (Токио, 2018).
Халықаралық Балакирев конкурсының қазылар алқасының мүшесі (Краснодар, 2014).
«Әлем консерваторияларының аптасы» халықаралық фестиваліне қатысушы (Санкт-Петербург, 2014).
«Минск 2014» халықаралық конкурсының қазылар алқасының мүшесі (Беларусь, 2014).
В. Мержановтың 95 жылдығына арналған фестивальге қатысушы (Мәскеу, Тамбов, 2014).
Т. Шебанованы еске алуға арналған халықаралық фестивальге қатысушы (2015).
Армян геноцидінің 100 жылдығына арналған жеке концерттер (Германия, Райхенбах, Милау, 2015).
П. И. Чайковскийдің 175 жылдығына арналған концерт (Армения, Ереван, 2015).