Қазылар алқасының төрайымы, пианист, Alatone қорының президенті. Мәскеу мемлекеттік П.И. Чайковский атындағы консерваториясының түлегі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, профессор Глеб Аксельродтың класында оқыған. Көп жылдар бойы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арнайы фортепиано кафедрасында сабақ берген. 1998 жылдан бастап әртүрлі мәдени іс-шараларды – конкурстарды, фестивальдарды, шеберлік сыныптарын және мәдениет пен өнер бойынша конференциялар (семинарлар) ұйымдастырумен айналысады. Орталық Еуропа университетінде (Будапешт, Венгрия), Project management (Санкт-Петербург, Ресей) жобалық менеджмент бойынша, Оңтүстік Альберта политехникалық институтында (Канада) бірнеше бизнес-жоба курстары бойынша, өнер менеджменті (Филадельфия, АҚШ) бойынша дипломдар алған. Сондай-ақ «Мәдени және тарихи мұраны сақтау» тәжірибе алмасу бағдарламасына (АҚШ, Филадельфия) қатысқан. Ол халықаралық TransArt фестивалін (Қазақстан) ұйымдастыруды басқарған, Қазақстанда алғашқы өнер менеджменті семинарларын өткізген, Дүниежүзілік банктің Қазақстанның даму қақпасы жобасын басқарған, Stars of Rotary халықаралық балалар музыкалық конкурсын ұйымдастырған және «Cultura Europea» конференциясының (Памплона, Испания) президиумының мүшесі, Венадағы (Австрия) Бетховен фестивалінің вице-президенті, Мюрццушлагтағы (Австрия) «Моцартеум» конкурсының қазылар алқасының мүшесі болып табылады. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық корреспондент-мүшесі.